11 сәүірде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсының тыңдаушылары үшін мотивациялық дәріс өткізілді.
Спикер ретінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, @apa.kz Қостанай Түлектері қауымдастығының мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, @University of Leeds британдық жоғары оқу орнының түлегі Ақерке Бекахметова сөз сөйледі.
Дәріс барысында Ақерке Дәуренбекқызы тыңдаушыларға @apa.kz — да оқудың артықшылықтары мен түлектері үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктері туралы баяндап , 2023-2024 оқу жылына арналған магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу ережесімен таныстырды. Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілер үшін ПЖКР жобасы мен “Болашақ” бағдарламасы туралы да ақпарат берілді.
Дәріс диалог форматында өткендіктен, тындаушылар спикерге сұрақтар қойды, негізінен сұрақтар магистратура бағдарламалары бойынша академияда білім алу мүмкіндігіне, талаптар мен іріктеу кезеңдері туралы және 2023 жылы өтетін ПЖКР жобасына үміктерлерді іріктеу мерзімдері бойынша болды.