Жаңалықтар

Қарабалық ауданы әкімінің аппаратындағы Филиал күні

Қостанай филиалының қызметкерлері «Мемлекеттік органдардағы Филиал күні» аясында көшпелі іс-шаралар топтамасын жалғастыруда: 24 мамырда «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» ММ сапар болды.

Қостанай филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова жергілікті атқарушы органдардың Филиалдан ала алатын қызметтердің кеңейтілген топтамасымен таныстырды: бұл жобалық менеджмент бойынша оқыту, сертификаттау және кеңес беру, ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» Халықаралық стандартын енгізу, ӘРПК оқыту және т.б.

Кездесудің басты сәті мемлекеттік қызметкерлерді Академияға оқуға түсуге ынталандыру, қағидалар мен рәсімдерді түсіндіру болды. Қатысушылар үшін керемет жаңалық: биыл ағылшын тілін тапсырудың қажеті жоқ!

Филиал доценті Татьяна Зуева «Тиімді коммуникациялар» промо-тренингін өткізіп, мемлекеттік қызметшінің коммуникативті басқаруының негізгі аспектілерін ашып көрсетті. Қатысушыларға коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру үшін коучингті ұзақ оқу қажет екендігі белгілі болды.

Филиал мұндай кездесулерді кез келген мемлекеттік органға алдын ала өтінім бойынша барып өткізеді.