Өткен аптада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Qazaqstan Project Management Awards-2022» форумы болып өтті.
⠀
Форум барысында көптеген пайдалы кездесулер, жобалық басқару мәселелері бойынша тақырыптық диалог алаңдары, симулятивтік ойындар ұйымдастырылды.
⠀
Жобалық менеджмент бойынша жылдың үздік жобалары марапаттарға ие болды.
⠀
Магистранттар, солардың қатарында Қостанай облысынан Академияда білім алып жүрген магистрант Қайрат Сүйіндіков те SIMUL TRAIN симуляциялық ойынына магистранттар командасының құрамында қатысты.