27-29 тамыз аралығында филиалда «Қазақстан Республикасында сайлау процесінің негіздері және сайлау өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» семинары өтті.
⠀
Семинар республикалық референдум мен сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі аспектілеріне арналды. Қатысушылар сайлау комиссияларын қаржылық қамтамасыз ету және құжаттаманы ресімдеу, сондай-ақ науқандарды құқықтық сүйемелдеумен байланысты практикалық мәселелерді талқылады. Комиссия мүшелерінің құқықтық өріс шеңберіндегі іс-әрекеттері, IT-технологияларды қолдану және SMM-менеджмент пен бақ-пен жұмысты қоса алғанда, ақпараттық қамтамасыз ету тәсілдері қаралды.
⠀
Сонымен қатар, семинар аясында дауыс беру күнін ұйымдастыруға және мүгедек адамдардың қатысуы үшін жағдай жасауға баса назар аударылды.
«Қазақстан Республикасында сайлау процесінің негіздері және сайлау өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» семинары
