Қостанай облысы бойынша @apa.kz kz филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты!
⠀
Іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Жиынға департамент пен филиал қызметкерлері ғана емес, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен жас мемлекеттік қызметшілер де қатысты.
⠀
Департамент басшысы Ерлан Салықбаев барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, облыс әкімі мен департаменттің атынан қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін алғыс хаттарды табыстады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі қосқан үлесі мен ерекше жетістіктері үшін ризашылығын білдірді.
⠀
Әріптесіміз, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Айнұр Нақышбаева департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.
⠀
Өз кезегінде Айнұр Саметқызы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, іс-шара қатысушыларын мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара
