Жаңалықтар

«ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) шеңберінде өтініштермен жұмыс» біліктілікті арттыру семинары

Филиалда ағымдағы жылдың 5-7 маусым аралығында «ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) шеңберінде өтініштермен жұмыс» біліктілікті арттыру семинары өтті. ?

Семинарға 134 мемлекеттік қызметші қатысты. Аталмыш семинарға деген үлкен сұраныс мемлекеттік органдар қызметіндегі тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Семинар барысында:

• Әкімшілік процедуралар туралы заңнама;

• «Электрондық өтініштер» жүйесінде өтініштерді тіркеу, есепке алу тәртібі;

• ӘРПК стандарттарын енгізуде «e-Otinish» ақпараттық жүйесін қолдану. Сұраныс бойынша тоқсандық есепті құру әдістемесі;

• Әкімшілік актісіне шағымдану: шағым беру тәртібі, шағымды қарау және шешім қабылдау;

• Медиация сот ісін жүргізудегі дауды шешу тәсілі ретінде;

• Өтініш берушілермен жұмыста тиімді коммуникацияларды құру;

• Ресми жазылым тақырыптары бойынша дәрістер өткізіліп, талқыланды.

Семинарға дәріскерлер ретінде

ҚР ӘРПК бойынша сертификатталған тренер Темірбаева Үмітгүл Қадырқызы;

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Құсаинова Гүлмира Мұханбетжанқызы;

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Салькеева Майра Жағалбайқызы;

Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарымсақова Динара Иосифқызы;

тренер-медиатор, «Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы» ҚҚ тең құрылтайшысы Зуев Игорь Александрович және «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің басшысы Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы шақырылды.