ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» семинары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының орынбасары Асылхан Шубаев қонақ дәріскер ретінде шақырылды.
⠀
Асылхан Қайратұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жоспарлау мен жүзеге асыруда жобалық тәсілді енгізу туралы айтты. 2023 жылға арналған №4 типтік базалық бағыттар (ТББ-4) жобаларының картасына толығырақ тоқталып, оның орындалуы және нәтижелерімен бөлісті.
⠀
Мемлекеттік органдарда, сонымен қатар квазимемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мақсаттарын атап өтті:
⠀
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау сапасын арттыру;
⠀
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
⠀
— Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;
⠀
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сезімтал лауазымдарды анықтау.
⠀
Семинар тыңдаушылары ТББ-4 жұмыс жасауда туындайтын көкей кесті сұрақтарына жауап алды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» семинары қонақ дәріс
