16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тарихындағы ерекше қасиетті күн. Сан жылдар, тіпті ғасырлар бойы еркіндікті, елдікті аңсап келген ата-бабамыздың арманы орындалған күн.
⠀
Еліміздің егемендігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының ұжымы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығымен бірлесе ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұғырым» атты интеллектуалдық сайысқа қатысты.
⠀
Шараның басты мақсаты – Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын арттыру және еліміздің бағындырған белестеріне тоқталу.
Сайыс шарты бойынша жоғарыда аталған ұйымдардың қызметкерлері екі командаға бөлініп, кезең-кезеңімен берілген тапсырмаларды орындады, «Kahoot» қосымшасы арқылы викториналық сұрақтарға жауап берді. Ойын қорытындысы бойынша екі команданың қатысушылары алғыс хатпен марапатталды.
⠀
Сонымен қатар шараға zoom платформасы арқылы қонақ ретінде қатысқан Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығы» және Солтүстік Қазақстан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» тәуелсіздік күнінің тарихи маңыздылығын атап өтудегі ұйымдастырылған шараның жоғары деңгейлігін бағалап, пікірлерімен бөлісті.
⠀
Құрметті отандастар, Тәуелсіздігіміздің 31 жылдық мерейтойы құтты, баянды болсын! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, аспаны ашық болсын! Баға жетпес байлығымызды бағалап, егемен еліміздің ұрпағына табыстайық!