Халықтың қатысу бюджеті механизмнің ерекшеліктері мен артықшылықтары қандай, ол қандай нәтижелерге бағытталған және халықтың қажеттіліктерін қалай тиімді бағалауға болады?
⠀
Бұл мәселелерде нақты мысалдармен тыңдаушылар 31 тамыздан 2 қыркүйекке дейін @apakz Қостанай филиалында өткен «Халықтық қатысу бюджеті. Жергілікті халықтың әртүрлі санаттарының қажеттіліктерін бағалау» семинарында қарастырды.
⠀
Тыңдаушылар тобы белсенді әрі қызығушылық танытты.
⠀
Тыңдаушылар «Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы» ЗТБ вице – президенті, «халықтық қатысу бюджеті» тетігінің ерекшелігін ескере отырып, партисипаторлық бюджеттеу практикасының сертификатталған жаттықтырушысы Сания Араповадан халықтық қатысу бюджеті (әрі қарай — ХҚБ) бойынша тәжірибеде қолдануға пайдалы материал алды.
⠀
Филиал доценті, PhD докторы Татьяна Зуева тыңдаушыларды жобалық басқару, дизайн-ойлау қағидаларымен және қоғамдастық қажеттіліктерін бағалау құралдарымен (PCI/PRI) таныстырды.
⠀
Семинардың құнды аспектісі тәжірибе алмасу болды. Қателіктерге жол бермеу үшін нені ескеру керек? Бұл туралы Даму күнінің спикерлері: Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің орынбасары Алмас Жақсылықов пен Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының ТКШ бөлімінің басшысы Әнуар Жанбиров пікір алмасты.
⠀
Олар өткен жылдардағы ХҚБ іске асыру тәжірибесі туралы айтып берді, ХҚБ жекелеген кезеңдері мен элементтері бойынша лайфхактармен бөлісті. Жобалардың сараптамасына көп көңіл бөлінді. ТКШ жүйесінің баяндамашысы мен тыңдаушылар тарапынан ББУ жобаларын іске асыру аспектілеріне ерекше назар аударылды.