«Жас мемлекеттік қызметші мектебі» республикалық жобасы аясындағы бес күндік семинарда @apa.kz Қостанай облысы филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Айнұр Нақышбаева тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен таныстырып, заңнамаға байланысты тестілеуден өтуге дайындады.
Семинар тыңдаушылары — облыстың жоғары оқу орындарының түлектері аталған тақырыпқа қызығушылық танытып, маңыздылығын атап өтті.