А.ж. 11-15 наурыз аралығында «Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» семинары өтті. Спикерлер жобалық менеджмент бойынша сертификатталған жаттықтырушы-консультанттар Айнұр Нақышбаева — мемлекеттік басқару академиясы филиалының кабинет меңгерушісі және Дариха Ақмұхамбетова — мемлекеттік басқару академиясы филиалының аға оқытушысы бес күн сабақ берді.
⠀
Оқу барысында тыңдаушылар келесі тақырыптарды зерттеді:
⠀
— Жобаларды басқару стандарттары және «ҚР СТ ISO 21502-2022 жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ҚР Ұлттық стандарты;
⠀
— Жобалық менеджментті мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу;
⠀
— Тұжырымдама және жобаларды басқарудың интеграцияланған әдістері;
⠀
— Жобаларды басқаруды ресімдеудің практикасы мен алғышарттары.
⠀
Қатысушылар практикалық жағдайларды талдады. Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушылар оқытушылар мен семинарға жоғары баға берді.
«Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» семинары
