Енді мен SMART арқылы ойланатын боламын!
— Мен қазір жобаның тәуекелдерін қалай тиімді басқару керектігін білемін.
— Ал мен жобалық менеджмент бойынша одан әрі оқыту және сертификаттау қажеттілігі туралы ойландым…
⠀
Осындай нотада мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жобаны басқару: ҚР ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру семинары аяқталды.
⠀
Семинардың жаттықтырушысы ретінде ҚР ISO 21500 стандарты бойынша сертификатталған жобалық менеджер, филиалдың доценті, PhD доктор Татьяна Зуева сөз сөйледі.
⠀
Семинар барысында жобалық басқару, халықаралық практика, жобаларды басқару стандарттары, ұлттық стандарт, басқару деңгейлері, жобаларды басқару қатынастарына шолу, басқару процестерінің топтары, пәндік топтар, процестердің негізгі кірістері мен шығулары, сияқты жоба мәселелер қаралды.
⠀
Кері байланыс сауалнамасының қорытындысы бойынша тыңдаушылардың 100%-ы бағдарламаның мазмұнын, семинарды ұйымдастыру және өткізу сапасын жоғары бағалағандары белгілі болды.
⠀