Новости

«Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану» семинары

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы а.ж. 28-30 наурыз аралығында «Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану»  тақырыбында 3 күндік біліктілікті арттыру семинарын өткізді.

Тыңдаушылардың назарына:

  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы: «Ең алдымен адамдар» — «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру;
  • Дизайн ойлау және дәстүрлі ойлау;
  • Процестердің күрделілігі және VUCA, BANI әлемдері жағдайындағы тұрақты өзгерістерді басқару; 
  • Инновацияны ынталандыру әдістері мен құралдары;
  • Дизайн-ойлау әдістемесіндегі жобалық тәсіл;
  • Мемлекеттік органдарда жобалық ойлау;
  • Тәжірибеде ойлауды жобалау тақырыптары төңірегінде интерактивті пікірталастар мен практикалық жұмыстар, кейстерді талдау ұсынылды.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар дизайн ойлауды зерделеп қана қоймай, оны іс жүзінде қалай қолдануға болатынын және неліктен болашақтың дағдысы болып саналатынын, дизайн ойлаудың әдіснамасымен танысып, адамдардың проблемаларын шешуде осы әдісті қалай қолдануға, тиімді шешімдерді қалай табуға болатындығын үйреніп, білді.

Семинар мазмұнын меңгеру тыңдаушылардың ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, жеделдік, өзін-өзі дамыту және 5 негізгі құзыреттерін арттыруға көмектеседі.