Қостанай облысы бойынша @apa.kz филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты! 📜
⠀
Іс – шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент) ұйымдастырды. Құрметті қонақтар қатарына Департамент пен филиал қызметкерлері ғана емес, мемлекеттік қызмет ардагерлері де қатысты.
⠀
Іс-шара аясында Департамент басшысы Ерлан Салықбаев барлық қатысушыларды маңызды мереке — Конституция күнімен құттықтады! Сондай-ақ, Ерлан Амандықұлы облыс әкімі мен Департаменттің атынан қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін құрмет грамоталарын табыстап, мемлекеттік қызметтегі қосқан үлесі мен ерекше жетістіктері үшін ризашылығын білдірді.
⠀
Біздің әріптестеріміз: филиалдың аға әдіскері Әсия Тулекова Департамент басшысының грамотасымен марапатталды.
⠀
Конституция күні біздің бостандыққа, әділеттілікке және өркендеуге деген ортақ ұмтылысымызды білдіреді. Әр күн біздің еліміз бен жетістіктеріміз үшін мақтанышқа толы болсын!