Жаңалықтар

«Күміс жас»

Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалы цифрландыру жолындағы «Күміс жас» әлеуметтік жобасы аға жастағылар өкілдеріне заманауи гаджеттер мен электрондық үкіметтің мүмкіндіктерін пайдалануға сенімділік береді деп сенеді. Жоба аяқталғаннан кейін қатысушылардың әрқайсысы электрондық хат жазуды, интернет арқылы интерактивті көмек пен кеңес алуды үйренеді және қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болады.