Қазақстан Орталық Азиядағы көші-қонның ірі реципиенттерінің бірі бола отырып, сыртқы және ішкі көші-қонға белсенді қатысады. Тығыз тарихи байланыстар, географиялық және мәдени жақындық Қазақстанның ТМД елдерімен көші-қон ағынының қарқындылығын күшейтуде. Сонымен бірге ішкі көші-қон да өсуде. Азаматтар өмір сүру үшін ең қолайлы жағдайларды, дамыған инфрақұрылымды табуға және жоғары табыс деңгейін қамтамасыз етуге тырысады. Жалпы, ел ішінде оңтүстік өңірлер көшу бойынша белсенділік танытады. Бір жағынан, бұл оңтүстік аймақтардың тарихи түрде халықтың ең көп саны мен тығыздығының сипатталатындығына байланысты болса, екінші жағынан, мұндай үрдіс ішінара жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударуды ынталандыру жөнінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың нәтижесі болып табылады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде 2017-2020 жылдары 26 мыңға жуық адам қоныс аударды, олардың ішінде 13 мың адам еңбекке қабілетті болып табылады. Төрт жыл ішінде еңбекке қабілетті қоныс аударушылар қатарынан 9 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның осы және басқа да аспектілері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында өткен «Қазақстан: көші-қонды және еңбек ұтқырлығын басқаруды күшейту» тренингі барысында талқыланды.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның даму қорымен (ХКҰ) бірлескен жобасы аясында ағымдағы жылдың 27-28 қазан аралығында тренинг ұйымдастырылып өткізілді.
Тренингке қатысушылар ретінде бағдарламаны іске асыруға тікелей қатысты және осы салада қызмет жасайтын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, ҮЕҰ, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, журналистер шақырылды.
Тренерлер Филиалдың штаттық қызметкерлері, профессор Зәмзәгүл Шахаман және аға оқытушы Дариха Акмухамбетова болды.
Тренингтің басты мақсаты — қоныс аударушыларды интеграциялау мәселелерінде тәжірибе алмасу.
Қатысушылар Қазақстандағы көші-қон және жұмыс күшінің ұтқырлығын басқару мәселелерінде әдістемелік және әдіснамалық көмек алды. Іс шара барысында күтілетін нәтижелер қатысушылардың қажеттіліктерді анықтау, мигранттардың жағдайын бақылау және көмек әсерін бақылау әдістеріндегі олқылықтарды анықтау.