Жаңалықтар

«Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру» семинары

Бүгін @apa.kz Қостанай филиалында «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру» семинары аяқталды.

Оқыту барысында келесі мәселелер қарастырды:
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мақсат қою.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын басқару.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің клиентке бағдарлануы.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық.
Мемлекеттік қызмет көрсетудегі тәуекелдер мен ақпаратты басқару.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің реинжинирингі.

Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, практикалық кейстерді талдауға, қызметтің ситуациялық міндеттерін бірлесе шешуге мүмкіндік алды.

Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылармен мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.