News

Брифинг

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу ережелері мен Академияда оқудың артықшылықтары бүгін Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің онлайн қатысуымен өткен брифингте  талқыланды.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев Академияның білім беру бағдарламалары, оқуға түсу ережесі және Академиядағы оқудың  маңыздылығы туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Академияда оқуға ниет білдірушілерден құжаттарды қабылдау 1 наурызда басталып, 2021 жылғы 5 маусымға дейін жалғасады және Академияның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Оқуға түсу туралы ақпаратпен толығырақ @apa.kz сайтында танысуға болады.