News

Инвестицияларды тарту – елдің экономикалық дамуындағы маңызды факторлардың бірі. Осы бағытта аймақтардың рөлі ерекше болып табылады, өйткені әр аймақтың өзіндік ерекшелігі мен инвестициялық тартымдылығы бар.

Инвестицияларды тиімді тарту мемлекеттік қызметшілерден оларды тарту құралдары мен тетіктері, іріктеу критерийлері мен инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары және басқа да бірқатар мәселелер бойынша білімді қажет етеді.

Осы аспектілер ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында біздің Филиалда өткен «Қазақстан Республикасының Жаңа инвестициялық саясаты. Өңірлерге инвестицияларды тарту бағдарламасы» тақырыбындағы семинардың негізін қалады. Семинар нәтижесінде тыңдаушылар өздерінің кәсіби құзыреттіліктері мен Қазақстанның инвестициялық саясатын іске асырудағы практикалық дағдыларын жетілдірді.