Қостанай филиалы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін бағалау бойынша қоғамдық сарапшыларды даярлаудағы әдістемелік консалтингті жүзеге асыруға белсене кірісті. Бұл жұмыс @apa.kz -ның Қостанай облысы бойынша филиалы мен «ГрИн» Азаматтық Альянсы» ҚҚ арасында 2020 жылы жасалған Келісім негізінде жүргізіліп отыр.
Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «ГрИн» Азаматтық Альянсы» ҚҚ «Қостанай облыстық ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасын және ондағы жеке бағыт бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) мониторингі мен бағалау мектебін» іске асыруға кіріскен болатын.
Мектептің мақсаттары:
– МӘТ нәтижелерінің тиімділігін әлеуметтік жобаларды сапалы сыртқы бағалау арқылы арттыру;
– Қостанай облысының мемлекеттік басқару жүйесі мен азаматтық қоғам институттары арасындағы әлеуметтік серіктестікті стейкхолдерлер өкілдерін кәсібилендіру арқылы дамытуға жәрдемдесу.
Әдістемелік консалтингтің ішіне оқыту семинар-тренингін өткізу (маусым), тәжірибелік мониторинг (шілде – қазан), қоғамдық сарапшылардың деректері негізіндегі ұсынымдармен қорытынды талдамалық есебі (қараша) кіреді.
Нәтижесінде МӘТ-тың тиімділігін бағалау саласындағы Қостанай облысының тиісті тізіліміне енгізілетін сапалы қоғамдық сарапшылар пулы қалыптастырылатын болады және Ішкі саясат басқармасы үшін Қостанай облысында әлеуметтік серіктестіктің осы механизмін жақсарту жөніндегі ұсыныстармен талдамалық есеп жасалатын болады.
Бірінші сабақ 2021 жылғы 31 мамырда «ГрИн» Азаматтық Альянсы» ҚҚ базасында өтті. Сарапшылардың бірінші тобы өңірлік ҮЕҰ көшбасшылары, бизнес-тренерлер, масс-медиа тілшілері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық мониторингтік топ мүшелері секілді тәжірибе жүзіндегі мамандардан құрылды. Қатысушылар оқыту семинар-тренингін, МӘТ бойынша мониторинг деректерін пайдалана отырып, ҮЕҰ іске асыратын әлеуметтік жобаларды бағалау бойынша практикалық жұмысты, алдын ала бағалау деректерін жария етуді қамтитын бағдарламаны талқылады.