Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы өз тыңдаушылары үшін білім беру бағдарламаларын жетілдіру мүмкіндігін іске асырады. Осылайша, Академияда жүзеге асырылатын оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында @apa.kz -да Академиялық сапа жөніндегі кеңес құрылды.
Бұл Кеңестің құрамына Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бәкенова кірді.
2021 жылғы 26 мамырда өткен кеңестің алғашқы онлайн отырысы докторанттардың практикадан өту бағдарламалары мен басқару институты магистранттарының магистрлік жобалары тақырыптарын қарауға арналды.