News

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2021 жылғы түлектерге диплом табыстау рәсімі болып өтті.

Магистр дипломына ие болған Қостанайлық Абзал Арықов, Абай Естекбаев және Рустам Жұмағали Қостанай облысының Түлектер қауымдастығы мүшелерінің қатарын толықтырды.

Абзал Маратұлы, Абай Ғалымұлы, Рустам Батырқанұлы, сіздерді құттықтай отырып, жеткен жетістіктермен шектелмей, жаңа биік шыңдарды бағындыруға тілектеспіз! Алдағы уақытта сәттілік пен табыс тілейміз!