News

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Бизнес-үдерістердің ре-инжинирингі» атты тағы бір семинар өтті.

Семинарды жүргізгендер: Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік басқару академисы филиалының аға оқытушысы Бапанов Арсений, «Тілдарын» орталыгының басшысы Жулдызай Ербатырова,  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің SMART – орталығының басшысы Владимир Мадин.

Семинар мақсаты бизнес-процесстермен танысу және оларды ресімдеу, оңтайландыру және цифрландыру жобаларымен жұмыс істеудің кәсіби құзыреттілігі мен практикалық дағдыларын дамыту болатын.

3 күн бойы семинар барысында ұйымды басқарудың технологиялық тәсілі; стратегиялық бизнес-процесстер; негізгі және қосалқы бизнес-процесстер; процесске бағытталған органның бизнес-моделі; бизнес-процесстерді басқару принциптері мәселелері қарастырылды. Практикалық кейстерді талдауға ерекше назар аударылды.