2021 ж. тамыз айында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі коучинг» атты семинары өтті.
Семинарды тарих ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік басқару академиясы филиалының профессоры Зәмзәгүл Шахаман жүргізді.
Коучингтің негізін қалаушылардың бірі сэр Джон Уитмор:
«Коучингтің философиясы кез-келген адам ойлағаннан әлдеқайда көп нәрсе істей алады деген сенімге негізделген. Тек оның қабілеттерін ішкі проблемалар жауып тастайды, мысалы, сәтсіздікке ұшырау үрейі. Қорқынышты жойыңыз, сонда адамның жұмысы да жақсарады. Коучингтің міндеті де осы», – деп жазды.
Семинар мақсаты – тәжірибедегі коучинг бұл басшы мен қызметкер арасындағы әңгімелесудің форматы, ол қызметкерге өзінің жауапкершілігін сезініп, өзіне жүктелген міндеттерді және тұтастай алғанда ұйымда өзінің рөлін түсінуге және жүзеге асыруға көмектесе алатындығын көрсету.
Сырттай қарағанда, бұл, әсіресе басшылықтың директивтік стиліне үйреніп алғандар үшін ерекше болып көрінеді. Нұсқаулардың орнына басшы қызметшіге бірнеше сұрақ қояды, соның нәтижесінде:
- қызметкер тапсырманы қаншалықты дұрыс түсінгені анықталады;
- тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екендігі;
- бұл тапсырманы орындау үшін қызметкерге не қажет екендігі белгілі болады.
Ұйымда диалогтық және прогрессивті-серіктестік мәдениетіне көшу – бұл өз ретінде өте үлкен нәтиже береді, яғни жұмыстың сапасын жақсартады, тікелей жұмыс қарым-қатынасын орнатуға жәрдемдеседі, жанжалдарды азайтады, ұйымның жұмысын күшейтеді.Семинар барысында қарым-қатынас тиімділігін арттыру үшін сапалы кері байланыс орнату мәселесіне ерекше назар аударылды.