News

«Президенттік жастар кадрлық резерві – жас мамандарға арналған әлеуметтік лифт»

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен бірлесіп «Қазақтелеком» АҚ Костанай филиалының квазимемлекеттік компаниясының қызметкерлерімен «Президенттік жастар кадрлық резерві – жас мамандарға арналған әлеуметтік лифт» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуге спикерлер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет бойынша басқармасының басшысы Әлия Оспанова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жобаның өзімен, өтініш беру рәсімімен және конкурсқа кім қатыса алатынымен танысты. Әлия Оспанова негізгі назарды кадрлық резервке үміткерлерді іріктеудің негізгі талаптарына аударды.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу тәртібіне сәйкес құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін және талаптарға сәйкес болған кезде кандидаттар іріктеу кезеңдеріне жіберіледі. Бұл жайлы толығырақ кездесуге қатысушыларды Майра Бакенова таныстырды.

Кездесу соңында «Қазақтелеком» АҚ Костанай филиалының директоры кездесуге түсініктеме беріп, бұл жоба өз мақсаттарына қол жеткізу бойынша мансаптық даму үшін өзін кәсіби маман ретінде көрсетудің бірегей мүмкіндігі екенін атап өтті.