Ағымдағы жылдың 14 ақпанында @apa.kz Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Қостанай қаласындағы түрлі этнос өкілдерімен онлайн кездесуіне қатысты.
Кездесудің мақсаты – жастарға мемлекеттік қызметтің мән-мағынасын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндіру болды.
Ақерке Дәуренбекқызы, “Болашақ” бағдарламасының стипендиаты, @apa.kz Қостанай түлектер қауымдастығының мүшесі ретінде кездесуде қатысушылармен мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті, мемлекеттік қызметшілердің алдында ашылатын артықшылықтар мен мүмкіндіктер туралы айтып, мемлекет игілігі үшін жұмыста өз күштерін сынап көруге шақырды.
2019 жылғы Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиевте мазмұнды сөз сөйледі. Ол мемлекеттік қызметтегі және жастарды қолдаудағы меритократия қағидаттарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Департамент қызметкерлері кездесу қатысушылын үміткерлерге қойылатын талаптармен және мемлекеттік қызметке кіру тәртібімен таныстырды.