2021 жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы.
Осы жылдың құрметіне орай ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әлемнің ғажап елі – қасиетті Қазақ елі» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті, онда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Дариха Акмухамбетова Академия мен оның филиалдарының Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік аппаратын дамытудағы рөлі туралы сөз сөйледі.
Жалпы, көрме төрт бөлімнен тұрады, онда облыстық кітапхана қорындағы басылымдар ұсынылған. Көрме материалдары мемлекеттің қалыптасуы мен құрылу мәселелерін, оның тарихы мен даму перспективаларын көрсетеді.
Оқырмандар 2021 жылы жұмыс істейтін және жаңартылатын көрмеге бару арқылы тағы да біздің еліміздің тарихына ене алады.