@apa.kz Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова жыл сайын филиал мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (МҚІД) бірлесіп ұйымдастыратын “Жас мемлекеттік қызметші мектебі” жобасының ашылу салтанатына қатысты.
Іс-шара ағымдағы жылдың 24 қарашасында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде (КӨУ) өтті, себебі осы жылдың жобасына аталған оқу орнының және Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының соңғы курстарының 127 студенттері қатысуға ниет білдірген екен.
Сондай-ақ, іс шараның ашылу салтанатына мемлекеттік қызмет ардагерлері, облыстың МҚІД басшысы Асхат Ескендіров және КӨУ ректоры Алма Дощанова қатысты.
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, және ерекшеліктері туралы айта отырып, іс-шара спикерлері жастардың назарын өмірдің кәсіби басымдығы ретінде мемлекеттік қызметті таңдау кезінде аса мңызды құндылықтарға аударды. “Бүкіл қоғамның әл — ауқатының жоғары болуына қол жеткізу”, «туған жерге, туған елге пайдалы болу ниеті”,” қоғамның дамуына өз үлесін қосуға ұмтылу ” – осы ниет мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге түрткі болуы керек деген ойлар айтылды.
Мектеп сабақтарын Академия филиалының профессорлық-оқытушылар құрамы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, сондай-ақ мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің Қостанай облысы бойынша қауымдастығы мүшелері бар мемлекеттік қызмет практиктері өткізетін болады. Олар жастарға мемлекеттік қызмет негіздерін, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды түсіндіреді, сондай-ақ қазіргі заманғы мемлекеттік қызметші үшін қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған тренингтер өткізу жоспарлануда.
Жас мемлекеттік қызметші мектебіндегі сабақтар үш күнге созылады және соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.