News

31 тамызда “Әйелдер көшбасшылығы” семинары өтті

Жаздың соңғы күні 31 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Әйел көшбасшылығы» тақырыбында семинар болып өтті. Көшбасшылық мінезі және онымен байланысты құзыреттерін жақсартқысы келетін мемлекеттік қызметшілер қатарынан 50-ден астам тыңдаушыны біріктірді.

Тренерлер – Филиал профессоры Зәмзәгүл Шахаман  және доцент Татьяна Зуева мынадай мәселелерді көтерді:

  • Басқару және көшбасшылық. Әйел көшбасшылығының психофизиологиялық және гендерлік аспектілері.
  • Көшбасшы қасиеттерін жетілдіру: эмоционалды интеллект, коммуникация және нетворкинг.
  • Empowerment стратегиясы және оның гендерлік көзқарас контекстіндегі әйелдер көшбасшылығындағы көрінісі.

Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар жеке SWOT-талдау негізінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін көшбасшылық қасиеттердің негіздерін меңгерді.

Сонымен қатар семинар мемлекеттік қызметшінің құзыреттілігін дамытуға бағытталған:

  • шешімдер қабылдау;
  • серіктестік пен өзара әрекет ету;
  • қызметті басқару;
  • 5 негізгі құзыреттілік.

Вебинар қорытындысы бойынша тыңдаушылар тренерлермен бірге қаралған көшбасшылық әлеуетін өсіру құралдарының жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті. Барлық тақырыптар маңызды және қызықты деп белгіленді.