News

АКАДЕМИЯ ФИЛИАЛЫ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ І.ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНА САПАРЫ

ҚР Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының тыңдаушылары Ілияс Омаров атындағы Қазақ драма театрына барды.

Мемлекеттік қызметкерлер үшін «Сұлтанның аты Сұлтан» спектаклі қойылды. Қойылым режиссері – Тәжікстан драматургы Барзу Абдуразаков. Спектакльдің сюжеті ел билеушісінің орнына бір күнге кедей адамды қойып, өзінің уәзірлерін қалай тексергісі келетіні туралы баяндайды. Мақтауға бойы әбден үйренген Сұлтан өзінен басқа билікке ешкім лайық емес екеніне сенімді еді. Алайда жағдай өзгереді. Спектакль жанры комедия болғанымен, шығарма көрермен көкейіне салмақты ой салады.

Департамент басшысы Асхат Искендиров театр ұжымына ерекше алғысын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Департаментпен ынтымақтастықта өңірдің мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби дамуына ғана емес, рухани дамуына да ерекше көңіл бөлінетінін атап өткен жөн.