News

Ақпараттық сессия

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова Қостанай ауданының мемлекеттік қызметшілері үшін  магистратура мен докторантураға түсу мәселелері бойынша ақпараттық кездесу онлайн форматта  өткізді.

Ақерке Дәуренбекқызы мемлекеттік қызметшілерге оқуға түсудің жаңа ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, оқуға түсу тәжірибесімен және академияда оқудың жағымды жақтарымен бөлісті. Сондай-ақ ол барлық ниет білдірушілерді Pre-Sessional дайындық курстарынан өтуге шақырып  және өз күшіне күмәнданбауға және оқуға түсуге құжат тапсыруға шақырды!

@apa.kz -ға құжаттарды қабылдау 1 наурыздан басталады!

Қосымша ақпаратты +7 776 522 92 72 телефоны арқылы білуге болады.