“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары жобаларды қорғаумен аяқталды. Оқу барысында тыңдаушылар келесі тақырыптар бойынша жобалар әзірледі:
- Науырзым ауданы Қарамеңді ауылындағы “Арман” мәдени-демалыс орталығының ғимаратын реконструкциялау;
- Қаланың жағалауы, біз бірге жақсылық жасаймыз;
- Қауіпсіздік бәрінен бұрын;
- Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды;
- Амангелді ауданының Тасты кентінде шағын футбол алаңын орнату;
- Адрестік аншлагтар.
Жобаларды әзірлеу кезінде тыңдаушылар жобалық басқарудың әдістері мен құралдарын қолданды, сондай-ақ емтихан комиссиясы мен әріптестерінің алдында өз жобаларын сәтті таныстырды.
Комиссия жобалық идеялардың өзектілігі мен клиентке бағдарлануын, жұмыс нәтижелерінің практикада қолданылуын атап өтті. Комиссияның шешімі бойынша келесі жобалар, яғни:
- Науырзым ауданы Қарамеңді ауылындағы “Арман” мәдени-демалыс орталығының ғимаратын қайта құру;
- Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды;
- Амангелді ауданының Тасты кентінде шағын футбол алаңын орнату атты жобалар үздік деп танылды.
Мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық басқару технологиясын енгізудің өзектілігін ескере отырып, үздік жобалар “Top projects – 2022” жинағына кіріп, іске асыру ұсынысымен мемлекеттік органдар арасында таратылатын болады.