2021 жылғы 24 қыркүйекте «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш келген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары жобаларды қорғаумен аяқталды. Оқу барысында тыңдаушылар келесі тақырыптар бойынша жобалар әзірледі:
- Digital Әкімдік;
- Ас атасы – нан;
- Сlean ArkCity;
- Қамысты ауылында мал шаруашылығын дамыту;
- Көптеген тәттілер бар, ал денсаулық қымбат;
- ЭКОСвет;
- Пластиксіз қала;
- Чемпиондар аренасы;
- Ауылдағы салауатты жол.
Жобаларды әзірлеу кезінде тыңдаушылар жобалық басқарудың әдістері мен құралдарын тиімді қолдана отырып, өздері жасаған жобаларын сәтті таныстырды.
Жобаларды бағалау жөніндегі комиссия жобалық идеялардың өзектілігі мен бірегейлігін, жұмыс нәтижелерінің практикаға бағытталғандығын атап өтті. Комиссияның шешімі бойынша ең үздік болып “Digital әкімдік”, “Тәттілер көп”, “Ал денсаулық қымбат”, “ЭКОСвет” жобалары таңылды, аталған жобалар «Top projects – 2021» жинағына енеді және мемлекеттік органдарға өз қызметінде іске асыруға ұсыныс ретінде жолданатын болады.