БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынымдарын ескере отырып, 1993 жылғы маусымда ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанда мүгедектер күні белгіленді. Ол қазан айының екінші жексенбісіне келіп, мемлекеттің мүгедектерге деген қамқорлығын көрсету, қоғамдық инклюзивті сананы қалыптастыру, сондай-ақ мүгедек адамдардың проблемаларына қоғамдық назар аудару мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты 8 қазанда apa.kz Қостанай филиалында Development Day өтті. Біз оны мемлекеттік қызметшілердің «Халық күніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде мүгедектігі бар адамдармен өзара іс-қимыл кезінде нені білу маңызды екендігі туралы хабардар болуына арнадық.
Коммуникациялық менеджмент бойынша семинар сабағы аясында филиал доценті Татьяна Зуева ауылдық округ әкімдерін түрлі мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас ережелерімен таныстырды. Тыңдаушылардың жедел сауалнамасы көрсеткендей, әрбір ауылдық округте осындай адамдар тұрады. Олардың саны әр түрлі: жергілікті қоғамдастық тұрғындарының санына байланысты 2-7-ден 16-142-ге дейін. Олардың әрқайсысымен қарым-қатынас ерекшелігі мүгедектік түрін анықтайды, ал біздің ауылдық округтерде 5 базалық түрі бар адамдар ғана емес, аралас, күрделі мүгедектік түрлері де бар. Олардың әрқайсысымен олардың қажеттіліктерін түсіну және жергілікті атқарушы биліктің сұраныстарын сапалы қанағаттандыру үшін дұрыс қарым-қатынас жасау қажет. Development Day шеңберінде интерактивті жаттығулар осындай дағдыларды пысықтауға бағытталатын болды.