News

Федоров ауданы әкімі аппаратында Филиал күні

2021 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы Федоров ауданының мемлекеттік қызметшілерімен “Филиалдың мемлекеттік органдағы күні” жобасы аясында кездесу өткізді.

Кездесу барысында филиалдың осы өңір қызметкерлерін оқутыдағы ортақ мәселелер қаралып, филиалдың қосымша қызметтері жөнінде толық ақпарат берілді. Мәселен, Академияның өңірлердегі филиалдары арқылы жергілікті атқарушы органдарына жобалау менеджментті және ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі»  Халықаралық стандартын енгізу мәселесі бойынша кеңес беру және мемлекеттік қызметшілердің Академияға оқуға түсуге даярлау жөніндегі курс өткізу, Ассесмент орталықтың заманауи әдістерінің көмегімен персоналдың құзыреттерін бағалау және тағы басқалар сияқты кең ауқымды қызметтер туралы айтылып, сұрақтарға жауап берілді.

Кездесудің екінші бөлімінде «Тайм-менеджмент» тренингі өткізілді, онда қатысушылар өз жұмыс уақытын тиімді жоспарлау бойынша нақты ұсыныстар алып, ой түйді.

Филиал мұндай кездесулерді облыстың барлық аудандарында және мемлекеттік мекемелерінде өткізуді жоспарлауда.