Қостанай филиалының қызметкерлері 24 мамырда «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік органдардағы Филиал күні» аясында көшпелі іс-шара өткізді.
Академияның Қостанай филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – тиімді көшбасшылық пен кәсіби менеджерлерге арналған зияткерлік платформа» тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Өз сөзінде жергілікті атқарушы органдарға Филиалдан алатын қызметтердің кеңейтілген желісін ұсынды: бұл жобалық менеджмент бойынша оқыту, сертификаттау және кеңес беру, ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» Халықаралық стандартын енгізу, ӘРПК оқыту және т.б.
Сөз сөйлеудің негізгі сәті мемлекеттік қызметкерлерді Академияға оқуға түсуге ынталандыру, қағидалар мен рәсімдерді түсіндіру болды. Қатысушылар үшін керемет жаңалық: биыл ағылшын тілін тапсырудың қажеті жоқ!
Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының ББӘжІ кабинетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Зуева Татьяна Владимировна «Тиімді коммуникациялар» промо-тренингін өткізді. Қатысушыларға коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру үшін коучингті ұзақ оқу қажет екендігі белгілі болды.
Филиал мұндай кездесулерді кез келген мемлекеттік органға алдын ала өтінім бойынша барып өткізеді.