News

«Көші-қонды басқаруды негіздері» семинары

2 тамызда біздің филиалда Халықаралық көші – қон ұйымы (бұдан әрі-ХКҰ) желісі бойынша “Көші-қонды басқаруды негіздері” тақырыбында семинар өтті. Семинар филиалдың аға оқытушысы – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ерлан Абелдиновтың басқаруымен өтті.

Тыңдаушылардың назарына көші-қон процестерін басқару бойынша өзекті тақырыптар ұсынылды:

  • мигранттардың интеграциясы,
  • қоғамның әлеуметтік бірлігі,
  • гендерлік аспектілер,
  • мигранттардың осалдығы,
  • СOVID-19 көші-қон процестеріне және басқаларға әсері.

Зерттелген барлық проблемалық мәселелер бойынша ХКҰ-ның мигранттардың өміріне әсерін азайту бойынша ұсыныстары ұсынылды. Семинар барысында онлайн-арна бойынша тыңдаушыларға ХКҰ Ұлттық бағдарламалық офицері Светлана Бекмамбетова және ХКҰ Халықаралық кеңесшісі Петр Казмиркевич (Польша Республикасы) жүгінді.

Семинар тыңдаушылары, бұл – мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері пікір алмасты, пікірталастарға қатысты, көші-қон мәселелерін белсенді талқылады және болашаққа семинарлар үшін жаңа тақырыптар ұсынды.