Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында “Күрделі қиындықтарға бейімделген көшбасшылық” тақырыбы бойынша екі күндік семинар аяқталды. Семинарға Қостанай, Арқалық қалалары, Қарасу, Қамысты, Жангелді, Меңдіқара, Сарыкөл және Бейімбет Майлин аудандарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.
Профессор Зәмзәгүл Шахаман SPOD, VUKA және BANI – әлемдері кезіндегі көшбасшылықтың нысандары мен мазмұнының өзгеруі туралы түсінік берді. Семинарға қатысушылар қазіргі заманғы көшбасшылық туралы: эмоционалды, шабыттандыратын, бейімделгіш және трансформациялық түсініктерін кеңейтті, кешенді міндеттерді шешу үшін бейімделгіш көшбасшылықтың рөлі туралы түсінік алды. Практикалық кейстерді талдау қиынға түскенімен, қатысушылар оларды шеше білді.
Семинардың екінші бөлімі SMART-жоспарлау дағдыларын, тиімді коммуникацияларды жетілдіруге және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша практикалық сабақтарға арналды.