» Лисаков қаласы әкімінің аппаратындағы филиал күні

News

Лисаков қаласы әкімінің аппаратындағы филиал күні

А.ж. 19 мамырында Лисаков қаласы әкімінің аппаратында “Филиал күні” жобасы аясында кездесу болып өтті. Бұл кездесу – мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және басқа ұйымдар үшін Академия мен оның филиалдарының сервистері мен қызметтерін ілгерілетуге бағытталған көшпелі іс-шара.

Кездесу барысында сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерді академияға түсуге ынталандыру, тиісті ережелер мен рәсімдерді түсіндіру жұмысы жүргізілді. Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова Академияның және “Болашақ” бағдарламасының түлегі, Қостанай облысындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектер қауымдастығының бастамашы, әрі төрайымы ретінде Мемлекеттік басқару академиясында оқып, білім алудың артықшылықтары мен оқуға түсу ережесін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Оқуға түсуге үміткерлер үшін биылғы жылы ағылшын тілінен сертификат талап етілмейтіндін айтып, бақтарын сынауға зор мүмкіндік екеніне назарларын аударды.

Филиал доценті Татьяна Зуева “Уақытты басқару” промо-тренингін өткізіп, тайм-менеджменті бойынша экспересс-тестілеу жүргізді. Уақытты тиімді басқару маңыхдылығы айтылып, практикалық жаттығулар өткізілді.

Филиал мұндай кездесулерді кез келген мемлекеттік органда алдын ала берілген өтінім негізінде барып өткізуге дайын.