News

«Мәжбүрлі еңбектің алдын алу және болдырмау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік – қауіпсіз өндірістің басты элементтері» семинары

2021 жылдың 12 қарашасында @apa.kz-тің Қостанай облысы бойынша филиалында «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ қызметкерлері үшін «Мәжбүрлі еңбектің алдын алу және болдырмау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік – қауіпсіз өндірістің басты элементтері» атты бір күндік  семинар болып өтті.

Семинар барысында  келесі мәселелер қаралды:

  • – еңбек заңнамасының инновациясына шолу;
  • – еңбек заңнамасын сақтауда мемлекеттік бақылау, еңбек даулары, өндірістік жарақаттану және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру ерекшеліктері;
  • – мәжбүрлі еңбек мәселелеріндегі халықаралық және ұлттық заңнама, Қазақстандағы «мәжбүрлі еңбек» ерекшеліктері.

Семинар әртүрлі форматта өтті: бірінші бөлімнің  онлайн форматында  «Павлодар облысы әкімдігінің еңбек басқармасы» ММ басшысының орынбасары Марат Қабжамитов  еңбек  заңнамасының  жаңа тұстарына тоқтала отырып, Павлодар және Қостанай облыстарының бір бағыттағы  ведомствосында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу саласындағы кейстерді талданып, тәжірибе алмасу ұйымдастырды.

Екінші бөлім @apa.kz Қостанай филиалының базасында өтті. Қазақстандық медициналық-психологиялық қауымдастығының тренер-сарапшысы, адам саудасының құрбандары арнайы әлеуметтік қызмет көрсету баспанасының директоры Нина Косюк тыңдаушылармен Қостанай облысының шеңберінде  «Шынайы тағдыр» тәжірибесін талдады. Семинар барысында адам саудасының белгілеріне, адам саудасы құрбандарының психологиялық жағдайына және оның  құрбандарын оңалту орталығына қайта бағыттау жүйесіне ерекше назар аударылды.

Осылайша, семинар практикаға бағдарланып, ал алынған білім мәжбүрлі еңбектің алдын алумен, еңбекті қорғау мен қауіпсіздікпен және оларды кәсіби қызметте тиімді қолдану бойынша практикалық құралдарды игерумен байланысты қатысушылардың құзыреттерін арттыруға бағытталды.