Достар, сіздердің назарларыңызға сараптамалық пікір айдарының бірінші постын ұсынамыз! Біздің мамандар сіздермен өз мамандануы бойынша құнды білім мен тәжірибемен бөліседі. Бүгін сіздер үшін мемлекеттік басқарудағы коучинг тақырыбын тарих ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік басқару академиясы филиалының профессоры Зәмзәгүл Шахаман ашады.
«Коучингтің философиясы кез-келген адам ойлағаннан әлдеқайда көп нәрсе істей алады деген сенімге негізделген. Тек оның қабілеттерін ішкі проблемалар жауып тастайды, мысалы, сәтсіздікке ұшырау үрейі. Қорқынышты жойыңыз, сонда адамның жұмысы да жақсарады. Коучингтің міндеті де осы».
Джон Уитмор, коучингтің негізін қалаушылардың бірі.
Адамдар жұмысқа тек жұмыс істеу үшін бармайды, өмірінің көп бөлігі жұмыста өтеді және мұны ескеру қажет. Монологтық және жалған диалогтық ұйымдастырушылық мәдениетінен диалогтық және прогрессивті-серіктестік мәдениетіне көшу. Бұл өз ретінде өте үлкен нәтиже береді, яғни өнімділікті арттырады, сапаны жақсартады, тікелей жұмыс қарым-қатынасын ортатуға жәрдемдеседі, жанжалдарды азайтады, ұйымның жұмысын күшейтеді.
Әрбір менеджер өзінің қарамағындағыларға жаттықтырушы-тәлімгер, жаттықтырушы-тәрбиеші болып табылады. Сырттай қарағанда, бұл әсіресе, басшылықтың директивтік стиліне үйреніп алғандар үшін ерекше болып көрінеді. Нұсқаулардың орнына басшы қызметшіге бірнеше сұрақ қояды, соның нәтижесінде:
- қызметкер тапсырманы қаншалықты дұрыс түсінгені анықталады;
- тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екендігі;
- бұл тапсырманы орындау үшін қызметкерге не қажет екендігі белгілі болады.
Қысқаша айтқанда, тәжірибедегі коучинг – бұл басшы мен қызметкер арасындағы әңгімелесудің форматы, ол қызметкерге өзінің жауапкершілігін сезініп, өзіне жүктелген міндеттерді және тұтастай алғанда ұйымда өзінің рөлін түсінуге және жүзеге асыруға көмектеседі.
З.Шахаман