Ағымдағы жылдың 17 мамырында “Мемлекеттік органдардағы филиал күні” жобасы аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы Сарыкөл ауданында жұмыс сапарымен болды.
Кездесу аудан әкімі аппаратының және аудандық мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен аудан әкімінің орынбасары Фархат Сариевтің төрағалығымен өтті. Академия филиалының директоры Ақерке Бекахметова Академия мен филиалдардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі, оқыту және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселелеріндегі маңызды рөлін атап өтіп, Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу ережелері мен оқудың артықшылықтары, магистратураға түсу ережелеріндегі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Талапкерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қатысты кейбір жеңілдіктер туралы айтылды. Сонымен қатар, Ақерке Дәуренбекқызы жиналғандармен өзінің @apa.kz магистратурасында оқу және Нидерланды Корольдігінде шетелдік тағылымдамадан өту тәжірибесімен бөлісті.
Аудиторияның берілген ақпаратқа қызығушылығы олардың оқу құны, жас мемлекеттік қызметшінің үйінде тұру, грантқа бөлінген орындар саны, оқу нысандары, шарттары, өсу перспективалары және т.б. мәселелер жөнінде қойған сауалдарынан көрінді.
Филиал профессоры Зәмзәгүл Шахаман “Тиімді коммуникациялар” бойынша шағын тренинг өткізіп, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын тиімді жүргізу үшін қажетті білімімен бөлісті.