News

«Мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің назарына»

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалы сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің назарына» айдарын ұсынады, онда біз оқу үдерісі мен жаңашылдар туралы пайдалы ақпаратпен және жаңалықтармен бөлісетін боламыз.

Осылайша, 2021 жылдың 1 қазанынан бастап Филиал мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді қайта даярлау курстарында және біліктілікті арттыру семинарларында санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтай отырып, штаттық форматта оқытуды жоспарлап отыр.

Осы орайда тыңдаушылар:

  • – оқу корпусына кірген кезде Ashyq қосымшасын міндетті түрде қолдану (QR-кодты сканерлеген кезде «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар тыңдаушылар сабаққа қатыса алады);
  • – курстар мен семинарларда оқу кезеңінде бетперде режимін сақтау;
  • – оқу барысында санитарлық тәртіпті және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.