2022 жылғы 28 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік қызмет: барлығына бірдей қол жетімділік. Ашықтығы мен айқындылығы» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің және А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ҚХА жобалық кеңсесі белсенділерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің облыстық қауымдастығы мүшелерінің, персоналды басқару қызметтерінің басшылары мен Департаменттің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
@apa.kz Қостанай түлектер қауымдастығының мүшесі Арман Испудинов «Меритократия қағидаты – кәсіби кадрлардың кепілі» мәселесін көтерді, өз сөзінде мемлекеттік қызметке меритократия неғұрлым лайықты, өнегелі, құзыретті, талантты және еңбекқор адамдарды лайықты қызметке тағайындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Азаматтар үшін мүмкіндіктердің бұл теңдігі елдегі әлеуметтік сатыларының негізі болып табылады. Шетелдік сарапшылардың пайымдауынша дамыған елдердегі меритократия корпоративтік мәдениеттің нормасына айналғандығын атап өтті.
«Шын мәнінде, этносаясатқа тек уәкілетті органдар ғана жауап беру тиіс емес. Қойылған міндеттерді сәтті орындау үшін мемлекет пен қоғам бірлесіп жұмыс істеуі керек. Сонда ғана біз халықтың бірлігін сақтап, мемлекетімізді нығайта аламыз» – деген Президент Қ.Тоқаевтың сөзін келтіре отырып, Академия филиалының кабинет меңгерушісі Майра Бакенова сөз сөйледі. Оның «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқытудың перспективалары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы баяндамасында Мемлекеттік басқару академиясына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу мәселелеріне басты назар аударылды.