News

“Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру” онлайн семинары

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мемлекеттік органдар қызметін бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігіне талдау жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру қажет.

Мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін мемлекеттік қызметшілердің дағдылары мен құзыреттерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы 2021 жылдың 15 қыркүйегінде Алтынсарин ауданының мемлекеттік қызметшілері үшін бір күндік біліктілікті арттыру семинарын ұйымдастырды.

Семинарда төмендегі өзекті тақырыптар қарастырылды:
   – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы ұстануын қамтамасыз ету;

   – Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау;
   – Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын басқару. Тұтынушылардың қызметтермен қанағаттану деңгейін анықтау;
   – Клиентке бағдарланған орта құру және коммуникациялық менеджмент.

Жоғарыда аталған тақырыптарды талқылау барысында семинар қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық кейстерді талдады. Семинар қорытындысы бойынша қызмет алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленді.