Өткен жұмада облыстың мемлекеттік қызметшілері арасынан үздік дебатерлер анықталды.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бәкенова дәстүрлі түрде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті базасында өткен мемлекеттік қызметші күніне арналған турнирде болды. Шешендік өнерлерін сынауға Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілері жиналды.
Пікірталас барысында командалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қоғамның шенеуніктерге қойылатын талаптары және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының әдеп нормалары сияқты өзекті мәселелерді талқылады.
Турнир нәтижесінде бас жүлде мен қазақ лигасындағы үздік дебатер атағын “Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты” ММ аппарат басшысы Дархан Кикимов жеңіп алды.
Орыс лигасындағы үздік дебатер атағына Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Евгений Бедыч ие болды.
Жеңімпаздар өз мақсатына табандылықпен қадам басқандар ғана жеңіске жететінін атап өтіп, ұйымдастырушыларға жыл сайын шешендік шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді!