Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға әдіскері лауазымына негізгі қызметкердің бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс кезеңіне білікті кандидатты іздейді.
Сіз Филиалдың оқу процессін жоспарлау және ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларымен қайта даярлау курстарының бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жұмыстарына тікелей қатысасыз және мемлекеттік органдар, лекторлармен мемлекеттік қызметшілермен тығыз ықпалдастықта боласыз.
Сіз кабинет жұмысының ұйымдастырылуына, сапасына және қызметінің нәтижелеріне толықтай жауапты боласыз.
Табысты іріктеуден өту үшін сіз:
- білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмау керек;
- жоғары білім, магистр дәрежесінің болғаны жақсы;
- біліктілікті арттыру және/немесе оқу бағдарламаларына қатысу туралы қазақстандық және халықаралық сертификаттардың (куәліктердің) болуы;
- кәсіби этика мен парасаттылық деңгейінің жоғарылығы, қызмет көрсетуге бағдарлану, тиімді коммуникативтік дағдылар, тайм-менеджмент, стресс жағдайларда және қысқа мерзімде жұмысты соңына жеткізе атқару қабілеті, жұмысқа оң көзқарас, жетілдіруге және жетілуге ұмтылу;
- қазақ және орыс тілдерін еркін білу, ағылшын тілін білгені жөн.
Егер сіз өзіңізді осы лауазымға барынша лайықты кандидат деп санасаңыз, өз үлесіңізді енгізуге және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді көрсетілген электрондық мекен-жайына 2021 жылдың 13 қантарына дейін жолдауыңызға болады.