News

“Неліктен бүгін мемлекеттік қызметшілерге жобалық менеджментті зерттеу қажет?” Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымымен кездесу

Неліктен бүгін мемлекеттік қызметшілерге жобалық менеджментті зерттеу қажет?

Бұл мәселені ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының доценті Т. В. Зуевамен бірге талқылады.

Қатысушылардың пікірінше, бірінші қиындық – “жайлылық аймағынан шығу” қажеттілігі. Адам санасындағы  ең күрделі кедергі.

Бірақ жобалық менеджменттің мемлекеттік басқару саласына қарқынды түрде енуде. Сондықтын, бүгінгі таңда өзіңіз үшін дұрыс таңдау жасау маңызды: бір орында дамымай қалу және бәсекеге қабілеттілігіңізді жоғалту немесе өзгерістерді көру және оларға икемді түрде бейімделу.

Академияның Қостанай облысы бойынша филиалы жаңа білім алуға және өз дағдылары мен біліктерін жетілдіргісі келетіндерге әрқашан көмек қолын созуға дайын.