Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Академияның Қостанай облысы бойынша филиалында “Өңірде мемлекеттік саясатты іске асыру” тақырыбында біліктілікті арттырудың үш күндік семинары аяқталды.
Тыңдаушылар тәжірибелі жаттықтырушылармен бірге сабақтың келесі тақырыптары бойынша практикалық кейстерді талдады:
- Стратегиялық жоспарлау және аймақтық саясат;
- Жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі мемлекеттік саясатты іске асырудағы жұмысының негізгі бағыттары;
- Тиімді аймақтық саясат моделі;
- Аймақтық саясаттың негізгі аспектілері және олардың”адаморталық” принципіне сәйкестігі;
- Аймақтық саясатты іске асыру құралдары;
- Аймақтық саясаттың нәтижелілігі мен тиімділігі;
- Аймақтық дамуды басқарудағы жобалық тәсіл.
Өткізілген семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне енгізу үшін ұсынымдар әзірленді.
Семинар мазмұнын меңгеру мемлекеттік қызметшілерге өңірде мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруда кәсіби құзыреттер мен практикалық дағдыларды арттыруға көмектеседі.