News

“Президенттік жастар кадрлық резерві – жас мамандарға арналған әлеуметтік лифт”

Бүгін Алтынсарин ауданының жас мамандары Президенттік жастар кадрлық резервіне және іріктеуге тіркеуге қатысты қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Обаған ауылында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы “Президенттік жастар кадрлық резерві – жас мамандарға арналған әлеуметтік лифт”  тақырыбында Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының, ауыл ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Филиалдың білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова құжаттарды тапсыру рәсімдері мен резервке іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптарға  кеңінен тоқталды, сонымен қатар,  2021 жылғы 30 қыркүйекте жобаға қатысуға тіркеу аяқталатынын еске салды.

Одан кейін спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, олар негізінен мемлекеттік тілді білуге тест тапсыру тәртібіне және сертификат алу мерзімдеріне қатысты болды.

Кездесу  соңында  Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысы Дархан Кикимов филиал қызметкерлеріне   алғысын білдіріп, Қостанай облысының жастары  аталған жобаға белседі қатысатынына  сенім білдірді.